Ван ’т Схип Қазақстанның Фарер аралдарымен матчтағы камбэгіне пікір білдірді
Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі төртінші турда Фарер аралдарына қарсы өткен матчтағы нәтижелі тең ойынға (2:2) пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан құрамасы кездесу барысында 0:2 есебімен ұтылып жатып, тең есепке қол жеткізді. Ұлттық құрамаға ұпайды Сергей Малый мен Нұралы Әліптің голдары алып берді.
«Мұндай нәтиже өз алаңымызда екі ұпайдан айырылғандай сезім қалдырады. Әрине, біз екі гол айырмасымен ұтылып жаттық, бірақ есепті теңестіріп, бұл матчта жеңіске жетуге жақын болдық.
Үш орталық қорғаушыдан тұратын схема туралы не айтасыз? Біз соңғы күндері жаттығуларда осы жүйені пысықтадық. Алғашқы жиырма минутта жақсы ойнадық, алайда кейін гол жіберіп алып, үзіліске дейін сейілмеген сенімсіздік пайда болды», – деді бапкер матчтан кейін.
Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы екі ұпаймен топтың соңғы сатысында қалды. Фарер аралдары мен Молдованың еншісінде төрт ұпайдан, ал Словакия құрамасы жеті ұпай жинаған.