Фиаско: Қазақстан жастар құрамасы екі гол басымдығын сақтай алмай, Молдоваға жол берді
Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2027 іріктеу турнирінің Молдоваға қарсы қорытынды матчында фиаскоға ұшырады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстанның U-21 құрамасы кездесу барысында екі гол басымдығына ие болғанына қарамастан, Молдоваға 2:3 есебімен жеңілді.
Сейф Попов 13-минутта қонақтарды алға шығарды. 38-минутта Мирас Оматайдың дәл соққысынан кейін қазақстандықтар екінші голын соқты.
Алайда үзіліске санаулы сәттер қалғанда алаң иелері есеп айырмасын қысқартты: Василе Лучита есепті қысқартты.
Екінші таймда Молдова құрамасы қысымды күшейтіп, 72-минутта Сергю Турканның голы арқасында есепті теңестірді. Ал 90-минутта сол Туркан өз командасына камбэктік жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, матч барысында бірден үш қызыл қағаз көрсетілді. Оматай мен Асқаров алаңнан қуылғандықтан, Қазақстан ойынды тоғыз ойыншымен аяқтады. Молдова құрамасынан Лучита алаңнан қуылды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 10 кездесуде төрт ұпай жинап, D тобында соңғы, алтыншы орынға тұрақтады.