locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Смаков – тарихтағы ең ұлы ойыншы» – Сергей Малый

Қазақстан құрамасының қорғаушысы ұлттық құрама сапындағы 77-матчын өткізіп, Самат Смақов туралы пікір білдірді
Эксклюзивтер
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Смаков – тарихтағы ең ұлы ойыншы» – Сергей Малый
ФОТО: КФФ

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый Ұлттар лигасында Фарер аралдарына қарсы өткен матчтан кейін аты аңызға айналған Самат Смақовтың ұлылығын атап өтті, деп хабарлайды Sports24.kz.

6 қазан кешінде 36 жастағы Малый Ұлттар лигасының Фарер аралдарына қарсы өз алаңындағы матчында негізгі құрамда шықты. Оның екінші таймдағы голы ұлттық құраманың камбэк жасауына бастау берді. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Матчтан кейін Қазақстан құрамасының жаңа рекордшысы өзінің жаңа мәртебесіне қатысты пікір білдірді.

«Құдайға шүкір, осы межеге жеттім. Самат Смақов – Қазақстан тарихындағы ең ұлы футболшы. 77 матч өткізу мен үшін үлкен мәртебе. Қалай болғанда да, онымен теңесуге таласпаймын, Самат Кабировичтің бәсі бөлек. Осы межеге жеткеніме өте қуаныштымын», – деді Малый.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапындағы 76-матчын жартылай қорғаушы Исламбек Қуат та өткізді. Осы көрсеткіш бойынша ол Самат Смақовпен теңесті.

Малый Қуаттың жақын арада ұлттық құраманың жаңа рекордшысы болатынына сенеді.

«Менің рекордымды кім жаңартатыны соншалықты жағымды болады деп ойламаймын. Ол (Исламбек) келесі ойындарда бұл рекордты жаңартады. Енді бұл менің рекордым», – деп қосты Сергей.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie