locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан – Фарер аралдары матчындағы Ұлттар лигасы голдарының видеосы

Қазақстан құрамасы Астанада 0:2 есебімен жеңіліп жатып, жеңілістен құтылды
ФОТО: KFF
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
06.10.2026, Аяқт.
Қазақстан
2
Фарер аралдары
2

Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары арасындағы УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында өткен матч 2:2 есебімен нәтижелі тең аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Астанадағы кездесу Джон ван’т Скип шәкірттері үшін өте сәтсіз өрбіді. Қазақстан құрамасы 63-минутқа қарай өз қақпасына екі гол жіберіп алды.

Алайда 65-минутта Мартин Агнарссон алаңнан қуылғаннан кейін ұлттық құрама сан басымдығына ие болып, ойынға қайта оралды. Үш минуттан соң Сергей Малым алыстан жасаған әдемі соққысымен матчтағы интриганы қайта жандандырды. Ал 76-минутта Нұралы Әліп есепті теңестіріп, алаң иелеріне жігерлі тең нәтиже сыйлады.

Бүгінгі матчтан кейін Қазақстан құрамасы екі ұпаймен квартеттің соңғы сатысында қалды. Фарер аралдары мен Молдовада төрт ұпайдан, ал Словакия құрамасының еншісінде жеті ұпай бар.

Назарларыңызға Қазақстан – Фарер аралдары (2:2) матчының Ұлттар лигасындағы бейнешолуын ұсынамыз

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie