locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Уразбахтин «Қайраттың» «Андерлехттен» ойсырай жеңілуіне пікір білдірді

Бельгиялық қонақтар өздеріне үш доптық сенімді басымдық жасады
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: «Кайрат»
Еуропа Лигасы
20.08.2026, Аяқт.
Кайрат
0
Андерлехт
3

Рафаэль Уразбахтин Алматыда өткен УЕФА Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчында «Қайраттың» «Андерлехттен» (0:3) ойсырай жеңілуіне пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бельгиялық қонақтар қарымта кездесуге үш доптық сенімді басымдықпен аттанды.

«Бұл жерде не айтуға болады? Өкінішке қарай, бұл мүлдем басқа деңгей, әрі осындай өрескел әрі орынсыз қателіктер жіберсек, сөзсіз, сені жазалайды. Яғни, Қазақстан чемпионатында әр ретте жазаламай өтуі мүмкін, иә? Бірақ мұнда, әрине, бірден жазалайды. Менің ойымша, голдарды өзіміз әкеліп бердік. Әсіресе алғашқы екі гол. Сонан кейін қызыл қағаз. Қызыл қағаз да міндетті емес еді. Орта алаңда секіріп, шын айтсам, оның мәнін түсінбедім.

Екінші таймда үзілісте жігіттерге айттық. Ең бастысы — екінші таймда шашырап кетпеу, шок алмау. Сондықтан жігіттерге жинақы, ұйымшыл ойнаудың маңызын жеткізуге тырыстық, олар соны көрсетті де. Яғни, екінші таймда ойынды дұрыс ұйымдастыра алдық, негізі, бірінші таймдағыдай қателіктерге жол бермеуіміз керек еді.

Мұндай қарсыласқа қарсы азшылықта ойнау өте қиын. Бірнәрсе жасауға тырыстық, бірақ, өкінішке қарай, үшінші голды жібергеннен кейін ойын біз үшін аяқталды деп ойлаймын. Сондықтан болғаны осы», — деді Уразбахтин.

Айта кетейік, қарымта матч 27 тамыз күні Бельгияда, Астана уақыты бойынша 23:30-да өтеді.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie