Фиаско: «Қайрат» Алматында алғашқы таймнан кейін «Андерлехтке» ірі есеппен ұтылып жатыр
«Қайрат» пен «Андерлехт» Алматыда УЕФА Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің бірінші матчының алғашқы таймын аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ойынның бірінші бөлігі толығымен Бельгиядан келген қонақтардың бақылауында өтті — олар үзіліске дейін-ақ үш гол айырмасымен алға шықты.
Екінші минутта-ақ Оксанен өз қақпасына доп соғып, автоголмен есеп ашты. 24-минутта Амброс бельгиялық команда басымдығын екі еселеді.
32-минутта «Қайраттың» шабуылшысы Эдмилсон есеп айырмасын қысқартуға жақын болды, бірақ бельгиялық клубтың қақпашысы тамаша сейв жасап, командасын құтқарып қалды.
40-минутта Широбоков дөрекі фол үшін алаңнан тікелей қызыл қағаз алып, командасын азшылықта қалдырды.
Үзіліске аз уақыт қалғанда алаң иелері тағы бір гол жіберіп алды. Осылайша, алғашқы таймнан кейін алаң иелері 0:3 есебімен ұтылып, бір ойыншысынан айырылды.
Жауапты матч 27 тамызда Бельгияда өтеді. Кездесудің басталуы Қазақстан уақытымен 23:30-ға жоспарланған. Екі ойын қорытындысы бойынша қай команда Еуропа лигасында жолын жалғастыратыны анықталады.
Айта кетейік, «Қайрат» биылғы еурокубок маусымын Чемпиондар лигасының іріктеуінен бастаған болатын. Үшінші іріктеу кезеңінде Қазақстан чемпионы болгарлық «Левскиге» екі матч қорытындысы бойынша 0:2 есебімен есе жіберді.