locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» өз-өзін жойды»: «Андерлехтпен» өткен матчқа бельгиялық БАҚ-тың реакциясы

Бельгиялықтар Лига Еуропасының негізгі кезеңіне сенімді қадам жасады
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Қайрат» өз-өзін жойды»: «Андерлехтпен» өткен матчқа бельгиялық БАҚ-тың реакциясы
ФОТО: Андерлехт
Еуропа Лигасы
20.08.2026, Аяқт.
Кайрат
0
Андерлехт
3

Лига Еуропасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчында «Қайрат» «Андерлехтке» ешқандай қарсылық таныта алмай, 0:3 есебімен жеңілді. Sports24.kz Алматыдағы кездесуге қатысты бельгиялық БАҚ-тың пікірлерін жинады.

Жергілікті шолушылардың айтуынша, «Андерлехттің» Қазақстанға жасаған сапары матчтың өзінен әлдеқайда ауыр болған:

  • dhnet.be: «Андерлехт» Қазақстанның жүрегінде сенімді жеңіске жетті. Қиын сапар жеңіл серуенге айналды. Келесі жолы алыс сапарға шықсақ, «Андерлехттің» құпиясын сұраймыз. «Мальвалар» алаңға жеті сағаттық ұшу мен уақыт белдеуінің ауысуын сезбегендей шықты».
  • footnews.be: «Қазақстанға сапар матчтың өзінен әлдеқайда қиын болды. Брюссельдіктер толықтай басымдық танытып, ойынды бақылауда ұстады әрі «Қайратты» тас-талқан етті. Қарымта кездесуге дейін-ақ «Андерлехт» Лига Еуропасының топтық кезеңіне жолдаманы дерлік қамтамасыз етті».
  • walfoot.be: «Қайрат» мүлде өз-өзін жойды: Александр Широбоков Сиканға дөрекі подножка жасап, заңды түрде қызыл карточка алды (38-минут). Ал бірінші тайм соңында кезекті бұрыштан кейін «Мальвалар» соңғы соққысын жасады — Сикан баспен дәл соқты (45+1-минут, 0:3)».

Айта кетейік, қарымта матч 27 тамызда Бельгия астанасы Брюсселде өтеді.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie