Умарали Рахмоналиев «Барселонамен» матч алдында жанкүйерлерге үн қатты
Өзбекстан құрамасының жартылай қорғаушысы Умарали Рахмоналиев испаниялық «Барселонаға» қарсы матч алдында жанкүйерлерге үн қатты. Футболшы отандастарын шет қалмай, оны стадион трибуналарында да, теледидар алдында да қолдауға шақырды, деп хабарлайды Sports24.kz QSportinternational-ға сілтеме жасап.
Рахмоналиев жанкүйерлердің қолдауына сенетінін және олардың үмітін ақтау үшін барын салатынын атап өтті. Сондай-ақ футболшы өзіне сеніп, ойындарын уайымдап көретін жандарға арнайы үн қатты.
«Баршаңызға сәлем! Бәріңізді күтеміз — стадиондағыларды да, экран алдындағыларды да. Мені қолдап, мен үшін дұға етіңіздер. Құдай қаласа, сіздерді, елімізді және маған сенетін жандардың бәрін қуанту үшін барымды саламын», — деді Рахмоналиев.
Еске салайық, Бакудегі кездесу Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
«Сабах» — «Барселона»: Покатилов қатысатын Чемпиондар лигасы матчын қайдан көруге болады
Төрт турдан кейін «Барселонаның» еншісінде тоғыз ұпай болса, «Сабахта» үш ұпай бар.
Өткен турда каталондық клуб өз алаңында ағылшындық «Астон Вилланы» 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Ал Әзербайжан командасы сырт алаңда норвегиялық «Викингтен» 1:4 есебімен жеңіліп қалды.