locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Роналду Чемпиондар лигасы матчында голы есепке алынбаған соң төрешіні келемеждеді. Видео

Криштиану төрешілер бригадасының шешіміне эмоциясын жасыра алмады
Футбол
ФОТО: Getty Images
АФК Чемпиондар лигасы
24.11.2026, Аяқт.
Аль-Наср
2
Аль-Садд
1

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Азия чемпиондар лигасында катарлық «Әл-Саддқа» қарсы матчта гол соқты, алайда оның екінші добы есепке алынбады. Бұған жауап ретінде футболшы қапталдағы төрешінің қимылын әжуалап қайталады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матчтың 11-минутында Роналду қарсыластың айып алаңында құлап, пенальти белгілеуге қол жеткізді. 11 метрлік нүктеге португалиялық футболшының өзі келіп, допты қақпаның жоғары бұрышына дәл бағыттап, есеп ашты.

35-минутта шабуылшы допты қақпаға екінші рет дарытты. Алаңның тереңінен берілген пастан кейін Роналду мен оның командадағы серігі Анжело қарсылас қақпасына бет алды, артынша португалиялық ойыншы қақпашысы жоққа тән қақпаға допты енгізді.

Алайда футболшылардың бірі офсайдта болғандықтан, гол есепке алынбады.

Роналду төрешілер бригадасының шешіміне эмоциясын жасыра алмады. Шабуылшы бір қолымен көзін көлегейлеп, екінші қолымен офсайдты көрсеткен қапталдағы төрешінің қимылын салды.

Бұл эпизод әлеуметтік желілерде жанкүйерлер арасында қызу талқыланды. Бірі португалиялықтың реакциясына әзілмен пікір білдірсе, енді бірі оның әрекетін сынға алды.

Матч «Әл-Насрдың» 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Саудиялық клуб сапындағы тағы бір голды Роналдудың отандасы Жоау Феликс соқты.

Роналдуға тарихи 1000 гол межесіне жету үшін қанша гол қалды?

Криштиану Роналду кәсіби мансабындағы 1000 голдық тарихи межеге ұмтылысын жалғастырып келеді. Португалиялық футболшы жоғары деңгейдегі матчтарда соғылған гол саны бойынша рекорд иесі атанып үлгерді.

Көптеген статистикалық порталдың дерегінше, «Әл-Садд» қақпасына соққан голы оның мансабындағы 987-гол болды: клуб деңгейінде 841 доп соқса, Португалия құрамасы сапында тағы 146 гол енгізген.

Бұған дейін Transfermarkt статистикалық порталы Роналдудың Араб клубтары чемпиондары кубогында соққан алты голын есептен уақытша алып тастаған еді, кейін оларды статистикаға қайта қосты.

Осылайша, португалиялыққа 1000 голдық межеге жету үшін тағы 13 доп соғу керек.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie