locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина тарихи маусым аяқталған соң жанкүйерлеріне үн қатты

2026 жылы Рыбакина 54 жеңіске жетіп, 14 рет жеңіліс тапты және төрт титулды жеңіп алды
Теннис
ФОТО: Getty Images

Қазақстанның әлемдегі үздік теннисшісі Елена Рыбакина жанкүйерлеріне қолдауы үшін алғыс айтып, Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингінде бірінші орында аяқтаған маусымнан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

WTA қазақстандық спортшы қатысқан видеоны жариялады. Онда Рыбакина жылдың қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасына табысталатын кубокпен суретке түсіп тұр. Ол жанкүйерлеріне алғыс айтып, биылғы жетістігі жаңа жеңістердің бастауы болады деген үмітін жеткізді.

«Жыл бойы қолдау көрсеткен әрқайсыңызға зор алғысымды айтқым келеді. Бұл керемет жыл болды. Әрине, маусымды осындай тамаша нәтижемен аяқтау — үміттенемін, бұл тек бастамасы ғана. Тағы да баршаңызға рақмет, келесі жылы кездескенше!» — деді теннисші.

Елена Рыбакина Қазақстан тарихындағы әлемнің бірінші ракеткасы атанды

2026 жылы Рыбакина 54 жеңіске жетіп, 14 рет жеңіліс тапты және төрт титулды жеңіп алды. Оның екеуі — «Үлкен дулыға» турнирлері: Australian Open және US Open.

US Open турниріндегі жеңісінен кейін қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет әлемдік рейтингтің көшін бастап, маусым соңына дейін бірінші орнын сақтап қалды. Ол жылды WTA рейтингінің шыңында аяқтаған Қазақстанның алғашқы өкілі атанды.

Бұған дейін ESPN спорт арнасы Рыбакинаны жылдың үздік теннисшісі деп таныды. Сонымен қатар қазақстандық спортшы WTA-ның осыған ұқсас марапатына үміткерлер қатарына енді.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie