locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» «Северстальдің» алты матчтық жеңіс сериясын тоқтата ала ма? ҚХЛ анонсы

Астаналықтар 29 ұпай жинап, Шығыс конференциясындағы плей-офф аймағынан тыс тұр
Хоккей
ФОТО: ХК "Барыс"

Череповецтің «Северсталі» сырт алаңдағы сериясын астаналық «Барысқа» қарсы матчпен аяқтайды. Андрей Козыревтің командасы Қазақстанға қатарынан алты жеңістен кейін келеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Череповецтіктер соңғы рет 3 қарашада жеңіліп, алдыңғы кездесуінде новосібірлік «Сібірді» 4:2 есебімен ұтты.

29 матчтан кейін «Северстальдің» еншісінде 38 ұпай бар, команда Батыс конференциясында үшінші орында келеді. Көшбасшылық үшін күресін жалғастырған ұжым «Локомотив» пен ЦСКА-дан қалып қойған айырманы біртіндеп қысқартып жатыр.

«Барыстың» жағдайы мәз емес. Астаналықтар 29 ұпай жинап, Шығыс конференциясындағы плей-офф аймағынан тыс тұр. Михаил Кравецтің командасы қатарынан үш рет жеңілді: «Салават Юлаевтан» (3:5), «Авангардтан» (1:3) және минскілік «Динамодан» (1:2). Елордалық клуб ҚХЛ-дегі соңғы жеңісіне 15 қарашада қол жеткізді.

«Барыстың» басты мәселелерінің бірі — гол соғу мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алмауы. Алдағы матчта алаң иелері шабуылдағы жағдайды түзетуге тырысады, ал «Северсталь» жеңіс сериясын жеті ойынға дейін ұзартуды көздейді.

Командалардың статистикасы мен көшбасшылары

«Барыс» сапындағы басты бомбардир әрі мерген — Джастин Бэйли. Тұрақты чемпионаттағы 29 матчта шабуылшы 29 ұпай (18 гол және 11 нәтижелі пас) жинады.

«Северсталь» сапында соңғы үш матчта Руслан Абросимов (2+1) пен Адам Лишка (2+1) үш ұпайдан еншіледі. Абросимов — череповецтік команданың осы маусымдағы ең нәтижелі ойыншысы: оның еншісінде 19 ұпай (9+10) бар. Илья Иванцов одан төрт ұпайға қалып келеді (7+8).

ҚХЛ-дегі соңғы бес матчта «Барыс» ойыншылары арасынан ең нәтижелі болғандар:

  • Джастин Бэйли — 5 ұпай (5+0);
  • Мэйсон Морелли — 5 ұпай (2+3);
  • Чейз Приски — 4 ұпай (1+3).

«Северсталь» сапында осы аралықтағы үздік көрсеткіштер мына хоккейшілерге тиесілі:

  • Адам Лишка — 6 ұпай (4+2);
  • Егор Степанов — 5 ұпай (3+2);
  • Руслан Абросимов — 4 ұпай (3+1).

Өзара кездесулер тарихы

ҚХЛ тарихында «Барыс» пен «Северсталь» өзара 35 матч өткізді. Астаналық клуб 17 рет жеңіске жетсе, қалған 18 кездесуде череповецтік команда басым түсті.

Демек, өзара ойындарда «Северстальдің» аздаған басымдығы бар.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie