locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Винокуров «Астана» велокомандасынан кетеді – БАҚ

Бұл туралы қазақстандық спорт журналисті Михаил Васильев мәлімдеді
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Фото:instagram.com/alexandrvinokurov

WorldTour санатындағы XDS Astana велокомандасында кадрлық өзгерістер болды. Команданың бас менеджері Семей қаласының тумасы Яна Зель атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Тағайындау, қаржылық жағдай және Александр Винокуровтың ықтимал жаңа рөлі туралы спорт журналисті Михаил Васильевтің авторлық Telegram-арнасы «БЕС ДОПИНГА» хабарлады.

Зель 2019–2021 жылдары жобаның басшылығында жұмыс істеген. Кейін ол бельгиялық Lotto Soudal командасының коммерциялық бағытына жетекшілік етті, одан соң Біріккен Араб Әмірліктерінің UAE Team ADQ әйелдер командасын басқарды.

Зельдің келісімшарты және қытайлық серіктестердің үміті

Дереккөздің мәліметінше, жаңа бас менеджермен келісімшарт бір жылға жасалған, оны ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. XDS-тің қытайлық серіктестері бұл тағайындауды оң бағалап, Зель маркетинг бағытын күшейтіп, командаға салынған инвестициялардың қайтарымын арттырады деп үміттеніп отыр.

XDS Astana бюджеті – шамамен 20 миллион доллар

Арна дереккөзінің мәлімдеуінше, команданың осы маусымдағы бюджеті шамамен 20 миллион долларды құрайды. Оның айтуынша, қаржыландыру мемлекет пен XDS компаниясы арасында шамамен тең бөлінеді. Сонымен қатар команда техникалық және коммерциялық демеушілермен ынтымақтастық орнатқан.

«БЕС ДОПИНГА» хабарлағандай, Зельдің алдына бірнеше миллион доллар көлемінде қосымша жеке инвестиция тарту және мемлекетке түсетін қаржылық салмақты біртіндеп азайту міндеті қойылған.

Александр Винокуров қандай рөл атқаруы мүмкін?

Дереккөздің мәліметінше, команданы қайта құрылымдау жұмыстары Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың тікелей қатысуымен жүргізілген. Александр Винокуровқа жобаның спорттық бағытына – велошабандоздарды дайындауға, жұмыс әдістемесіне және жарыстардағы нәтижелерге – назар аудару ұсынылған.

Арна сұхбаттасының айтуынша, Винокуровтың келісімшартындағы қаржылық талаптар өзгеріссіз қалады. Жаңа ұсынысты қабылдау туралы соңғы шешімді функционердің өзі қабылдауы тиіс.

«Егер сен команданың патриоты болсаң – неге болмасқа? Ал қаржылық-әкімшілік бағытты сөзсіз жақсарту керек», – деп арна өз дереккөзінің сөзін келтіреді.

Осылайша, жоспарланып отырған қайта құру спорттық және әкімшілік-коммерциялық бағыттарды бөлуді көздейді. Зель басқару мен демеушілер тартуға жауапты болады, ал Винокуровқа спорттық мәселелерге назар аудару ұсынылды.

Винокуров – қазақстандық велоспорттың аңызы

Александр Винокуров 2000 жылғы Олимпиадада күміс жүлдегер атанса, 2012 жылы Лондондағы Ойындарда алтын медаль жеңіп алды.

Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Винокуров қазақстандық XDS Astana Team велокомандасының бас менеджері болды.

Өткен жылдан бастап қытайлық инвесторлар оның бюджетін ұлғайтқаннан кейін команданың құрамы 60 пайызға шетелдік спортшылардан жасақталды.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie