locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бұл қалада жан жоқ»: ресейлік жүзуші Астана туралы пікір білдірді

Спортшы көлік кептелісіне шағымданып, елорда атмосферасын әлі сезіне алмағанын айтты
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Бұл қалада жан жоқ»: ресейлік жүзуші Астана туралы пікір білдірді
ФОТО: instagram.com/pryanya93/

Ресейлік жүзуші Юлия Ефимова Астанаға алғаш рет келгендегі әсерімен бөлісті. Спортшы әзірге қаланың өзіне ерекше әсер қалдырмағанын айтып, туристерге Алматыға баруға кеңес берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ефимова Қазақстанға қысқа қашықтықта жүзуден өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысу үшін келді. 100 метрге брасс әдісімен жүзуден өткен финалда ресейлік спортшы 1:05,85 нәтижесімен жетінші орын алды.

Жарыстан кейін жүзуші Қазақстанға алғаш рет келгенін айтты. Алайда елордамен танысу әзірге оның күткеніндей болмаған.

«Меніңше, Астана - Қазақстанда баруға тұрарлық қала емес. Алматыға бару керек. Мен табиғатты жақсы көремін. Мен үшін табиғат мына көпқабатты үйлерден, ғимараттардан, жолдар мен кептелістерден әлдеқайда әдемі. Ал мұндағы кептелістер сұмдық, өте көп!» — деді жүзуші.

Ефимованың айтуынша, елорданың заманауи сәулеті оған қаланың ерекше атмосферасын сезінуге мүмкіндік бермеген. Дегенмен ресейлік спортшы жергілікті тұрғындардың бірі Астананы басқа қырынан көрсетсе, оның пікірі өзгеруі мүмкін екенін де жоққа шығармады.

«Астана - тарихы жоқ, мүлде жаңа қала. Сондықтан не айтарымды да білмеймін. Мен үшін бұл қалада жан жоқ. Бірақ, бәлкім, мен қателесетін шығармын. Маған қаланы басқа қырынан көрсетіп, оның жанын ашатын жергілікті тұрғын керек шығар», - деп атап өтті ол.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie