locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

УЕФА Словакия — Қазақстан матчының төрешісін атады

Патрик Коларич екі құрамаға да әлі төрешілік еткен жоқ
УЕФА Словакия — Қазақстан матчының төрешісін атады
ФОТО: Getty Images
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
29.09.2026, 14.45
Словакия
-
Қазақстан
-

УЕФА-ның төрешілер комитеті Ұлттар лигасы топтық кезеңінің екінші турында Словакия мен Қазақстан құрамалары арасындағы матчқа төреші тағайындады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матчта 31 жастағы төреші Патрик Коларич бастаған хорватиялық бригада жұмыс істейді. Оның көмекшілері Лука Пайлич пен Иван Старчевич болады, төртінші төреші — Иван Вуканчич. VAR жүйесіне де хорват мамандары жауап береді: VAR төрешісі — Марио Зебец, VAR ассистенті — Иван Матич.

Айта кетейік, Коларич бұған дейін Словакия және Қазақстан құрамаларына төрешілік еткен емес. Алайда хорват төрешісі қазақстандық футболмен жалпы таныс: ол 2024/2025 маусымындағы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Ордабасы» мен «Петрокуб» арасындағы матчта (0:0) төреші болған.

31 жастағы Коларич бұған дейін словакиялық футбол өкілдерімен де кездескен емес. Дегенмен 2024 жылы ол, атап айтқанда, Венгрия мен Германия құрамалары арасындағы Ұлттар лигасының матчына (1:1) төрешілік етті.

Еске салайық, Словакия мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч 29 қыркүйекте Астана уақытымен 23:45-те Кошицедегі «Košická futbalová aréna» стадионында өтеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie