Қазақстан Дэвис кубогінің плей-офф кезеңіндегі қарсыласын білді
Дэвис кубогінің 2027 жылғы Бірінші әлемдік тобына қатысу құқығы үшін өтетін плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Ливан командасына қарсы ойнайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы алаң иесі болады. Матч 2027 жылдың ақпан айында өтеді, ал нақты күндерді ұйымдастырушылар кейінірек белгілейді. Осы жұптың жеңімпазы сол жылдың қыркүйегінде Дэвис кубогінің Бірінші әлемдік тобында ойнайды, ал жеңілген команда Екінші әлемдік топқа түседі.
Еске салайық, 2026 жылы Қазақстан құрамасы Бірінші әлемдік топқа қатысу құқығы үшін өткен плей-офф кезеңінде Монакоға 1:3 есебімен жол берді. Алайда Екінші әлемдік топ аясындағы матчта Таиландты 3:2 есебімен жеңгеннен кейін жоғары дивизионға көтерілу үшін күресуге мүмкіндік алды.
Ливандықтар да Қазақстан құрамасына ұқсас жолдан өтті: алдымен плей-офф кезеңінде Қытай Тайпейіне 1:3 есебімен ұтылды, алайда Екінші әлемдік топтағы Сирияға қарсы матчта 4:0 есебімен жеңіске жетті.