locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

5 медаль: Қазақстанның Азия ойындарындағы тоғызыншы күндегі қорытындысы

28 қыркүйекте Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алды.
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
5 медаль: Қазақстанның Азия ойындарындағы тоғызыншы күндегі қорытындысы
ФОТО: НОК РК

28 қыркүйекте Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында кезекті жарыс күні аяқталды. Қазақстан құрамасы үш күміс және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алдымен Қазақстанның артистік жүзуден аралас командасы 216,7961 ұпай жинап, жарыстың қола жүлдегері атанды.

Қазақстан құрамасы сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Айгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Ясмин Туякова, Даяна Джамчалова және Жаклин Якимова өнер көрсетті.

Одан кейін Адилет Ахметғали кураштан қола медаль жеңіп алды. 81 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда Адилет Өзбекстан өкілі Ахрор Зиёдуллаевпен кездесті.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша өзбекстандық спортшы 10:0 есебімен жеңіске жетті.

Кейін ауыр атлеттер Алексей Чуркин мен Нұрғиса Әділетұлы Қазақстан қоржынына екі медаль салды. Екеуі де күміс жүлдеге ие болды.

85 келіге дейінгі салмақта Алексей жұлқа көтеруде 173 келі, серпе көтеруде 205 келі көтерді. Осылайша, екісайыс қорытындысы бойынша 378 келі нәтижемен күміс медаль жеңіп алды.

Ал 95 келіге дейінгі салмақта Нұрғиса жұлқа көтеруде 177 келі, серпе көтеруде 217 келі көтерді. Екісайыс қорытындысында қазақстандық зілтемірші 394 келі нәтижемен күміс медальға ие болды.

Қазақстан құрамасы үшін күннің соңғы медалін жеңіл атлет Аделина Земс жеңіп алды. Ол 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру финалында 54,58 секунд нәтиже көрсетіп, өзінің жеке рекордын жаңартты.

Қазақстандық спортшы БАӘ өкілі Мариам Каримнен 0,27 секундқа қалып қойды. Жеңімпаз 54,31 секунд нәтижемен мәреге жетіп, Азия ойындарының рекордын орнатты.

2026 жылғы Азия ойындарының тоғызыншы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында тоғыз алтын, 13 күміс және 13 қола медаль бар. Жалпы 35 жүлде. Қазақстан медальдар кестесінде бесінші орында тұр.

Федерация Ясминаның Токсанбаева киіміне қатысты наразылыққа пікір білдірді

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie