УЕФА «Партизан» — «Тобыл» матчіне қатысты жазаларын шығарды
УЕФА-ның Тәртіптік комитеті Сербияның «Партизан» мен қостанайлық «Тобыл» арасындағы Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңі матчына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Комитет шешіміне сәйкес, Белград клубы 16 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Оның 6 мыңы алаңға әртүрлі зат лақтырып, пиротехникалық құралдарды қолданғаны үшін берілді. Қалған 10 мың еуро «спорттық шараның рухына сай келмейтін хабарлама бергені үшін» салынды.
Айта кетейік, матч 6 тамызда Белградта өтіп, «Партизан» 3:0 есебімен жеңіске жетті. Қостанайда өткен қарымта ойында да сербиялық футболшылар 2:1 есебімен басым түсті.
Нәтижесінде «Партизан» екі кездесудің қорытындысы бойынша «Тобылды» 5:1 есебімен ұтып, Конференциялар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Бұған дейін олар алғашқы матчта «Хетафеге» 3:1 есебімен жол берген болатын. Айта кетсек, «Тобылға» қарсы ойын алдында «Партизан» Люксембургтің «УНА Штрассен» клубымен өткен кездесуден кейін 20 мың еуро айыппұл төледі.