Тәуекел ақталмады: тиктокер қыз Аргентина жеңілісінен қарызға батты
Әлем чемпионатының финалында Аргентина Испаниядан ұтылып қалуы күллі ел үшін қайғыға айналды. Бірақ біреулер тек көңілі қалғанымен, кейбіреулер бұл жеңілістен қомақты қаржыдан айырылды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Аргентиналық тиктокер Мартина Мендес финалда Аргентина жеңеді деп 15 миллион песоға (шамамен он мың АҚШ доллары немесе 4,7 миллион теңге) несие алғанын мойындады.
Ол бұл қадамға өзі емес, ғаламторда кең таралған таро карталарының болжамына сеніп барған. Дәл осы болжам Аргентинаның жеңісін көрсеткен еді. Ұтқан ақшасына ол армандаған үйін салмақ болған, алайда...
Оның орнына Мендес үлкен қарызға батып, енді бұл тығырықтан шығу үшін жазылушыларынан қаржылай көмек сұрауда.
«Егер 15 мың адам маған мың песодан жіберсе, мен бұл қиындықтан өте аламын», — деп жазды ол интернеттегі парақшасында, ауыр жеңілістен кейін жазылушыларының көмегіне үміт артты.
Айта кетейік, Аргентина әлем чемпионатының финалында Испанияға 0:1 есебімен жол берген болатын, шешуші гол қосымша уақытта соғылды.