locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ФИФА Аргентина құрамасына қатысты тәртіптік іс қозғады

2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін бірнеше футболшы, федерация және бапкерлер штабы тергеуге ілікті
ФИФА Аргентина құрамасына қатысты тәртіптік іс қозғады
ФОТО: Getty Images

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Аргентина құрамасы мен Аргентина футбол қауымдастығына (AFA) қатысты ресми тәртіптік тергеу бастады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Тергеу бірнеше эпизодқа байланысты жүргізілуде. ФИФА Англияны 2:1 есебімен жеңген жартылай финалдан кейін аргентиналық футболшылар алаңға алып шыққан «Мальвин аралдары – Аргентинаныкі» деген саяси баннерді тексеріп жатыр. Сонымен қатар, ұйым дискриминациялық ұрандар мен ым-ишараларды, сондай-ақ Испанияға қарсы финалдан кейінгі жанжалдарды да қарастыруда.

БАҚ мәліметінше, қорғаушы Науэль Молина, жартылай қорғаушы Леандро Паредес және бас бапкердің көмекшісі Роберто Аяла Испания құрамасының ойыншыларына шабуыл жасады деген күдікке ілінген. Ал Молина, Тьяго Альмада және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Гави спорттық емес мінез-құлыққа байланысты тексерілуде.

Бұдан бөлек, Аргентина футбол қауымдастығына қатысты да жеке тәртіптік іс қозғалды. ФИФА саяси мазмұндағы акцияларды футбол матчында көрсету, команданың спорттық емес әрекеті, ықтимал кемсітушілік белгілері, сондай-ақ қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп талаптарының сақталуын тексеруде.

ФИФА тәртіптік кодексіне сәйкес, спорттық емес әрекет үшін кемінде бір матчқа, ал шабуыл жасағаны үшін кемінде үш ойынға шеттету жазасы қолданылуы мүмкін. Тергеу аяқталғаннан кейін ұйым ресми шешім қабылдайды.

Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie