locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Түркия құрамасы ӘЧ-2026 плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды

Түркия құрамасы ӘЧ-2026 плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды
Түркия құрамасы ӘЧ-2026 плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды
ФОТО: Getty images

Түркия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін мерзімінен бұрын жоғалтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

D тобындағы екінші тур матчында түріктер Парагвайдан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Кездесудегі жалғыз голды екінші минутта Матиас Галарса соқты.

Бірінші таймның қосымша уақытында Парагвай ойыншысы Мигель Альмирон қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Соған қарамастан оңтүстікамерикалық команда жеңісті есепті сақтап қала білді.

2026 жылғы әлем чемпионаты. D тобы
Түркия - Парагвай - 0:1
Гол:
Галарса, 2.
Алаңнан қуылды: Альмирон, 45+3 (Парагвай).

Осылайша Түркия құрамасы турнирдегі екінші жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін команда Австралиядан да жеңілген болатын. Екі турдан кейін ұпайсыз қалған түріктер плей-оффқа шығу мүмкіндігінен біржола айырылды.

Топтық кезеңнің соңғы турында Түркия АҚШ құрамасымен кездеседі. Америкалықтар Австралияны (2:0) және Парагвайды (4:1) жеңіп, алты ұпаймен мерзімінен бұрын плей-офф жолдамасын қамтамасыз етіп қойды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie