locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

АҚШ құрамасы өз тобында алғаш болып ӘЧ-2026 плей-офф кезеңіне шықты

АҚШ құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты
АҚШ құрамасы өз тобында алғаш болып ӘЧ-2026 плей-офф кезеңіне шықты
ФОТО: Getty images

АҚШ құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алған алғашқы командалардың бірі атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.

D тобындағы екінші тур матчында америкалықтар Аустралияны 2:0 есебімен жеңіп, екі ойыннан кейін алты ұпай жинады.

Кездесудегі есеп 11-минутта ашылды. Аустралия қорғаушысы Берджесс өз қақпасына гол соғып алды. Ал бірінші таймның соңына қарай Алекс Фреман есеп айырмасын еселей түсті.

2026 жылғы әлем чемпионаты. D тобы
АҚШ - Аустралия - 2:0
Голдар
: Берджесс, 11 (автогол) - 1:0, Фреман, 43 - 2:0.

Осы жеңістің арқасында АҚШ құрамасы алты ұпай жинап, мерзімінен бұрын плей-оффқа шықты. Ал үш ұпайы бар Аустралия плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Бұған дейін әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы құрама Мексика болған еді. Мексикалықтар Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңдегі орнын қамтамасыз етті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie