Қазақстандық World Boxing ұйымында басшылық қызметке тағайындалды
Қазақстан бокс федерациясының халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті Рауан Игенев World Boxing халықаралық ұйымының Спорт және жарыстар комитетінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Шешім 20 қарашада Панама-Ситиде (Панама) өткен World Boxing конгресінде қабылданды. Іс-шараға 100-ге жуық елдің делегаттары қатысты.
Қазақстандық функционер басқаратын комитет ұйым қызметінің бірқатар маңызды бағытына жауап береді. Олардың қатарында жарыстардың техникалық ережелерін, жабдыққа қойылатын талаптар мен салмақ дәрежелерін әзірлеу, турнирлер күнтізбесін жасау, сондай-ақ әлемдік рейтингтер мен іріктеу жүйелерін басқару бар.
Комитеттің бастамалары мен ұсынымдары World Boxing атқарушы комитетінің бекітуіне ұсынылады.
Конгресс барысында әлемдік бокстағы реформалар мен жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері де талқыланды. Бұдан бөлек, делегаттар ерлер боксына қорғаныс дулығаларын қайтару туралы ұсынысты қабылдамады.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы қарашадан бері World Boxing ұйымының президенті — қазақстандық боксшы Геннадий Головкин. Бұған дейін осы конгресте Өзбекстан бокс федерациясының бас хатшысы Миршохид Тиллабоев ұйымның вице-президенті болып сайланған еді.