«Ақтөбе» легионерімен қоштасты
Нигериялық футболшы Марио Рабиу келісімшартының мерзімі аяқталған соң «Ақтөбеден» кетті, деп хабарлайды Sports24.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 жастағы жартылай қорғаушы қазақстандық командаға 2025 жылдың басында албаниялық «Скендербеу» клубынан ауысты. «Ақ-қызылдар» сапында бес матч өткізді.
Рабиу осы маусымды «Атырауда» жалға алу шартымен өткізді. Енді оның «Ақтөбемен» келісімшартының мерзімі аяқталды.
Қазақстанға келгенге дейін нигериялық футболшы Италияның «Модена», «Гроссето» және «Витербезе» клубтарында өнер көрсетті. Transfermarkt мәліметінше, оның трансферлік құны 150 мың еуроны құрайды.
2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Ақтөбе» Қазақстан Премьер-лигасында 30 матчта 49 ұпай жинап, бесінші орын алды. Чемпионаттың соңғы турында ақтөбеліктер қостанайлық «Тобылды» 3:2 есебімен жеңіп, камбэк жасады.
Бұған дейін «Ақтөбе» футбол клубы ресейлік маман Игорь Черевченкомен ынтымақтастықты ұзартты. 51 жастағы бапкермен жаңа келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін жасалды.