locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының футболшысына «Спортинг» қызығушылық танытты

Португалиялық клуб ҚПЛ-дің басты таланттарының бірін бақылауына алған
Футбол
Қазақстан құрамасының футболшысына «Спортинг» қызығушылық танытты
ФОТО: ФК «Ордабасы»

Қазақстан құрамасы мен «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмір Португалияның жетекші клубтарының бірі – Лиссабонның «Спортинг» командасының назарына ілікті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Эльдар Аманбаевтың мәліметінше, португалиялық клуб 19 жастағы қазақстандық футболшының өнерін бақылап жүр. Қазір команданың скауттары ойыншының биылғы маусымдағы өнеріне қатысты толық есеп дайындап жатыр.

Әзірге «Спортинг» тарапынан тек қызығушылық бар екені және футболшының бақылауда жүргені айтылады. Трансферге қатысты ресми ұсыныс түспеген, келіссөздер де басталмаған.

Portuguese giants Sporting CP have begun closely monitoring the Kazakh talent. The club's scouts are currently preparing a detailed report on his performances this season. ⁉️🇵🇹 https://t.co/i6FgQbQxdv

— Scout in Eurasia (@ScoutEurasia) November 10, 2026

Әмір 2026 жылы Қазақстан чемпионатының басты жаңалықтарының біріне айналды. «Ордабасы» сапында барлық турнирде 34 матч өткізіп, 11 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Клуб деңгейіндегі сәтті ойыны жартылай қорғаушыға ұлттық құрамаға шақырту алуға мүмкіндік берді. Биыл ол Қазақстан құрамасындағы дебютін жасады.

Бұған дейін Әмірге Польшаның Забже қаласындағы «Гурник» клубы да қызығушылық танытқан.

Еске салайық, биылғы маусымда «Ордабасы» Қазақстан чемпионы атанды, сондай-ақ ел Кубогын жеңіп алды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie