«Манчестер Юнайтед» Почеттиноны тағайындауға жұмсалған соманы жария етті
«Манчестер Юнайтед» Маурисио Почеттиноны бас бапкер қызметіне тағайындауға қатысты қаржылық мәліметтерді жария етті. Клуб құжаттарына сәйкес, АҚШ футбол федерациясына төленген өтемақы 7,5 миллион фунт стерлингті құрады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Аргентиналық маманды АҚШ құрамасымен жасалған келісімшарты бойынша босату құны шамамен 7,4 миллион фунт болды.
Сонымен қатар, Почеттиноға Англияға аттанар алдында АҚШ құрамасының Гаитиге қарсы соңғы екі матчында команда тізгінін ұстауға рұқсат берілді.
«Манчестер Юнайтедтің» шығындары артып келеді
BBC мәліметінше, 2013 жылы Алекс Фергюсон кеткеннен бері манкуниандықтардың бапкерлерді тағайындау мен қызметтен босатуға жұмсаған қаржысы шамамен 95 миллион фунтқа жеткен. Майкл Каррикті қызметтен босатқаны үшін төленетін өтемақы мен Почеттиноның бапкерлер штабын жасақтауға кеткен шығын есепке алынған соң, бұл сома 100 миллион фунттан асуы мүмкін.
Аргентиналық маман ағылшын клубымен екі жарым жылға — 2029 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін ол «Тоттенхэм», «Челси», «Саутгемптон» және француздың «Пари Сен-Жермен» клубтарында жұмыс істеген.
Жаңа бапкер жетекшілік ететін «Манчестер Юнайтед» алғашқы матчын 22 қарашада Англия Премьер-лигасы аясында «Ливерпульге» қарсы өткізеді.