locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Покатилов Қазақстан құрамасында ойнаудан бас тартты деген қауесеттерге пікір білдірді

«Сабах» қақпашысы ұлттық құрамаға шақырту алуға әрқашан дайын
ФОТО: ФК «Сабах»

Әзербайжандық «Сабах» командасының қақпашысы Стас Покатилов өзінің Қазақстан құрамасында ойнаудан бас тартты деген қауесеттерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық қақпашы ұлттық құрамаға шақырту алуға әрдайым дайын екенін атап өтті.

«Мен әрқашан құрамаға шақырту алуға дайынмын. Қашан да болсын, қайтадан құрама сапында ойнап, командаға көмектесуге қуанышты боламын – бұл мен үшін әрқашан үлкен құрмет болды, бар және бола береді. Кейбір әңгімелерге қарағанда, мен құрамадан бас тарттым дейді. Бұл шындыққа жанаспайды, бірақ кейбір нюанстар бар», – деді Покатилов.

Сондай-ақ қақпашы бұрынғы ұлттық құрама бапкерлік штабтарымен қарым-қатынасының мән-жайын ашып айтты.

«Команданы Магомед Адиев басқарған кезде маған қандай жағдай болмасын, қандай жағдай туындаса да, құрама қақпасын басқа қақпашы қорғайтынын аңғартты. Сонда менің құрамаға баруымның не қажеті бар? Талғат Байсуфиновтың штабымен де әңгімем болды. Сол кезде құраманың маған мұқтаж екенін сездім, оны да айттым. Бірақ сол кезде де маған аса үміт артпағанын түсіндім – тек жас ойыншыларға қолдау көрсету тұрғысында ғана.

Әрине, ұлттық құрама – әр спортшы үшін ең биік шың. Бірақ жеке амбициялар да бар, жасым да келіп қалды, сондықтан шындыққа тура қарау керек. Менің клубым бар, онда да маңызды мақсаттар шешіп жатырмыз. Құрамадағы жаттығулар клубтағыдан айтарлықтай ерекшеленеді. Яғни, мен ойын тәжірибесінен ғана емес, физикалық формамнан да ұтыламын. Мені түсінуге болады деп ойлаймын: тек жаттығу үшін ғана келуге дайын емеспін.

Дегенмен, мен әрдайым құраманың жағындамын және оның матчтарына бар ынтаммен қатысқым келеді. Өзімді жүз пайыз нағыз патриот деп санаймын, және ешкім маған керісінше айта алмайды. Әрқайсысына жеке түсінік беруге міндетті емеспін. Өзіме толық сенімдімін және айтқандарым мен жүрегімдегі сезімдерімді жақсы білемін», – деп келтіреді Покатиловтың сөзін Asnews.

Айта кетейік, Покатилов Қазақстан құрамасы сапында 29 матч өткізген. Соңғы рет 33 жастағы қақпашы ұлттық құрамада 2025 жылы Беларуське қарсы жолдастық кездесуде (1:4) алаңға шықты. 2025 жылдың қазан айында тәжірибелі қақпашы Лихтенштейнмен (4:0) және Солтүстік Македониямен (1:1) матчтарға шақырту алғанымен, алаңға шыққан жоқ.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қақпашысы ойнайтын әзербайжандық «Сабах» 11 тамыз күні Даниялық «Орхусты» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің екінші матчында (4:0) тас-талқан етіп жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.

Покатилов дәстүрлі түрде негізгі құрамда ойынды бастап, матчтың соңына дейін алаңда болды. Livescore порталының бағалауына сәйкес, Стас команда құрамында бесінші үздік бағаға (8.1) ие болды.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie