Сәтпаев «Стэмфорд Бриджде» Чемпиондар лигасын көреді, бірақ бір нюанс бар
2026/2027 маусымында «Челси» құрлықтық турнирлерден тыс қалады, алайда, оңтүстік лондондықтардың үй алаңында Чемпиондар лигасының ойындары өтуі әбден мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.
ВВС Sport мәліметінше, Донецкінің «Шахтері» беделді еурокубоктың негізгі кезеңіндегі матчтарын өткізу үшін басты нұсқа ретінде дәл «Стэмфорд Бриджді» таңдап отыр.
Айта кету керек, бұл мәміленің коммерциялық жағы басты рөл атқармайды. Клубтар арасында 2023 жылдың басында Михаил Мудриктің трансфері кезінде және «Челси» стадионында өткен Game4Ukraine қайырымдылық матчын ұйымдастыру барысында жылы қарым-қатынас орнаған.
- Сондай-ақ оқыңыз: «Челси» Дастан Сәтпаевты АПЛ маусымына ресми түрде тіркеді
«Шахтер» Лондондағы басқа стадиондарды да, Германиядағы ареналарды да қарастырған, алайда ақыры таңдауын «Стэмфорд Бриджге» тоқтатты. Қазір тараптар келісімнің соңғы сатысына жетті, енді тек УЕФА-ның мақұлдауы қажет. «Челси» еурокубоктарға қатыспайтындықтан, бұл мәселе қиындық тудырмайды деп болжануда.
Еске сала кетейік, ауқымды соғысқа байланысты 2022 жылдан бері украиналық клубтар еурокубок матчтарын бейтарап алаңда өткізеді. Өткен маусымда «Шахтер» Конференциялар лигасының ойындарын Польша, Краковтағы «Висла» стадионында өткізген еді, бірақ Украина мен Польша арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына байланысты чемпион үшін бұл нұсқа енді мүмкін болмай қалды.