locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Трансферлік империяның құлауы: Англияда Романо туралы әшкерелеуші мақала шықты

Итальяндыққа бәрі наразы: әріптестер, клубтар және агенттер
Трансферлік империяның құлауы: Англияда Романо туралы әшкерелеуші мақала шықты
ФОТО: Getty Images

Фабрицио Романоның соңғы уақыттағы қызметі тек жанкүйерлерді ғана емес, итальяндықтың әріптестерін де алаңдата бастады. Белгілі болғандай, оған риза емес аудитория әлдеқайда ауқымды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Британдық Daily Mail басылымы 14 тамызда «Фабрицио Романоның трансферлік империясының құлауы» атты әшкерелеуші мақаланы жариялап, инсайдердің қызметіндегі даулы тұстарды егжей-тегжейлі талдады.

Мақалада Романо мен Флориан Плеттенберг арасындағы дау кеңінен қарастырылып, итальяндықтың «Here we go» арқылы барлық шарттар толық келісілмей тұрып, трансферлерді ресми деп жариялауын сынға алады.

Оның жұмысына қатысты сұрақтар тек журналистерде ғана емес, клуб қызметкерлері мен агенттерде де бар:

«Кейбір клубтардың қызметкерлері Романоның жұмыс әдістеріне ашуланып, оның қоңырауларына жауап бермейді. Олардың пікірінше, ол не нәзік келіссөздерді қауіпке тігеді, не ақпараттық аласапыран тудырады.

Кейбір агенттер де осы ойды ұстанады. Солардың бірі британдық ойыншыны Еуропалық клубқа көшіру үшін күрделі келіссөздер жүргізген болатын, ол ойыншы Премьер-лиганы тастауға аса ынталы болмаған.

Бір сәтте агент клуб-продавецтен шыққан бір дереккөздің ойыншы елден кететін жеке ұшақтың шамамен ұшу уақытын Романоға жеткізгенін анықтаған».

Мақалада оның қаржылық аспектілері де баяндалған, мысалы, норвегиялық клубқа қызмет бағасы көрсетілген хат жолдағаны және Таяу Шығыстағы елде адам құқықтарының бұзылуы туралы ескертулерге қарамастан саудиялық инвестициялық қорды жарнамалағаны айтылады.

Бұған дейін Романо өз қызметі бұрынғыдай болмайтынын мәлімдеген еді.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie