locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Челси» Дастан Сатпаевті АПЛ маусымына ресми тіркеді

АПЛ-дың жаңа маусымы санаулы күндерден кейін басталады. «Челси» алғашқы кездесуін 25 тамызға қараған түні «Фулхэмге» қарсы өткізеді
ФОТО: Getty Images

Лондондық «Челси» ресми түрде қазақстандық Дастан Сатпаевты Ағылшын Премьер-Лигасының маусымына тіркеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев алғаш рет Ағылшын Премьер-Лигасының ресми базасында пайда болды. Турнирдің сайтында 18 жастағы футболшы Лондондық «Челси» сапында 36-нөмірмен тіркелген.

Алайда, Сатпаевтың профилінде әзірге сурет жоқ.

«Челси» клубының ресми сайтында қазақстандық форвардтың профилі әзірге жарияланбаған.

АПЛ-дың жаңа маусымы санаулы күндерден кейін басталады. «Челси» алғашқы ойынын 25 тамызға қараған түні «Фулхэмге» қарсы өткізеді.

Сонымен қатар, осы аптада Лондон клубы испандық «Реал Сосьедадқа» қарсы жолдастық матч ойнайды.

Сатпаевтың «Челси» сапына ауысқаны 2025 жылдың ақпанында жарияланған болатын. Қазақстандық шабуылшы лондондықтармен 2033 жылға дейін келісімшартқа қол қойды. Transfermarkt дерегінше, трансфер құны 2,4 миллион еуроны құрады.

Сонымен қатар, Сатпаевтың 2026/27 маусымындағы болашағы әзірге талқылану үстінде. Бұған дейін оның мансабын жалғастырудың ықтимал нұсқалары ретінде бұрынғы клубы – алматылық «Қайратқа» жалға берілуі сөз болған. Сондай-ақ, «Челси»-мен бір меншік иелері тобына кіретін Францияның «Страсбург» клубының қызығушылығы туралы да хабарланған.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie