locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ислам Махачев пен Иэн Гэрри салмақ өлшеу рәсімінен өтті: UFC 330 алдында қанша келі көрсетті?

Махачев пен Гэрри UFC 330 турниріндегі титулдық жекпе-жек алдында бірдей салмақ көрсетті
Ислам Махачев пен Иэн Гэрри салмақ өлшеу рәсімінен өтті: UFC 330 алдында қанша келі көрсетті?
ФОТО: Getty images

Ислам Махачев пен Иэн Мачадо Гэрри UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Қос спортшының таразыдағы көрсеткіші бірдей болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Махачевтің салмағы 77,11 келіні құрады. Гэрри де дәл осындай нәтиже көрсетті. Осылайша, екі файтер де жартылай орта салмақ дәрежесінің белгіленген лимитінен асқан жоқ және титулдық жекпе-жекке қатысуға дайын екенін растады.

Ресейлік және ирландиялық спортшылар арасындағы кездесу Филадельфияда 15 тамыздан 16 тамызға қараған түні өтетін UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегі болмақ.

Махачев жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғайды. Ол UFC-де қатарынан 16 жекпе-жекте жеңіске жеткен. Ресейлік файтер чемпиондық атақты 2025 жылдың қарашасында Джек Делла Маддаленаны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, иеленді. Ислам кәсіпқой мансабында 29 жекпе-жек өткізіп, 28 рет жеңіске жетіп, бір рет жеңілген.

Ал Гэрри UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде екінші орында тұр. 28 жастағы ирландиялық файтер промоушенде 2021 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның кәсіпқой мансабындағы көрсеткіші – 17 жеңіс және бір жеңіліс.

Гэрри мансабындағы жалғыз жеңілісін 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмоновтан алды. Қазақстандық файтер сол кездесуде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен.

Бұған дейін Гэрри Рахмоновпен қарымта жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді. Ирландиялық спортшы Махачевті жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленсе, Шавкатқа кезексіз титулдық мүмкіндік беруге дайын екенін айтты.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie