locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Роналду өз анасын тойына шақырмады: не болды?

Роналду мен жұбайының арасында көптен бері келіспеушілік бар
Роналду өз анасын тойына шақырмады: не болды?
ФОТО: x.com/WarriorNight007

11 тамызда Криштиану Роналду өміріндегі айтулы оқиға орын алды — ол Джорджина Родригеспен ресми түрде некеге тұрды. Мерекеге отбасының достары қатысты, бірақ португалиялық шабуылшының ең жақын туыстары бұл тізімде болған жоқ, деп хабарлайды Sports24.kz.

Үйлену тойына Роналдуның бес баласы және төрт куәгер келді: Джорджинаның апасы Ивана Родригес, Роналдудың көпжылдық досы Мигель Пайшао, сондай-ақ испандық жұп Хосе Родригес Сангил мен Моника Гонсалес Мартинес.

Дегенмен, португалиялық форвардтың отбасы мүшелеріне орын табылмаған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, Роналдуның анасы мен әпкелері бұл рәсім жайлы тек басталуына 30 секунд қалғанда ғана білген.

Роналду неге ең жақын туыстарын назардан тыс қалдырды — бұл толық белгісіз күйде қалуда, дегенмен бұған дейін Джорджина мен Роналдудың анасы арасында шиеленіс болғаны айтылған еді.

Біреулер бұл жағдайға ақылға қонымды себеп іздеп, олардың бір-біріне тым жақын болғандықтан жиі ұрысып қалғанын болжады. Ал басқалары Долорестің келінін мүлдем ұнатпайтынын және Роналдуны оның өмірінен аластау үшін тіпті қара магияға жүгінгенін айтып жүр.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie