locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Маған бұл жекпе-жек керек»: Гэрри Рахмоновпен қарымта кездесу өткізуді көздеп отыр

Ирландиялық спортшы мансабындағы жалғыз жеңілістен кейін қазақстандықпен қайта кездесуге дайын
«Маған бұл жекпе-жек керек»: Гэрри Рахмоновпен қарымта кездесу өткізуді көздеп отыр
ФОТО: Getty images

UFC-дің жартылай орта салмақтағы үміткері Иэн Мачадо Гэрри Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізу туралы тағы да сөз қозғады. Ирландиялық спортшы кәсіби мансабындағы жалғыз жеңілісін тіркеген қазақстандықтан қарымта қайтарғысы келеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Сонымен қатар Гэрри қазір Рахмонов үшін октагонға оралудан бұрын толық қалпына келіп, спорттан тыс мәселелерін шешу маңызды екенін айтты.

«Шавкаттың нақты қашан оралатыны маңызды емес. Қазір ең бастысы - оның толық қалпына келіп, денсаулығын түзеп алуы. Оның өмірінде белгілі бір қиындықтар туындағанын естідім, сондықтан оған шын жүректен тек жақсылық тілеймін. Жекпе-жектен де маңызды дүниелер бар. Ең алдымен - отбасы мен денсаулық. Бірақ Шавкат октагонға қайта шығуға дайын болған кезде, мен онымен кездескім келеді. Егер сол уақытта чемпиондық белбеу менде болса, оған кезексіз титулдық мүмкіндік беремін. Маған дәл осы жекпе-жек керек», - деді Гэрри.

Рахмонов пен Гэрри бұған дейін 2024 жылдың желтоқсанында кездескен. Қазақстандық файтер төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, ирландиялыққа кәсіби мансабындағы алғашқы әрі әзірге жалғыз жеңілісін тіркеді. Осы жеңістен кейін Шавкат UFC-дегі титулдық жекпе-жекке тағы бір қадам жақындады.

ФОТО: Getty images

Қазіргі таңда Рахмоновтың еншісінде 19 жекпе-жектегі 19 жеңіс бар. Ал Гэрридің көрсеткіші - 17 жеңіс және бір жеңіліс. Ирландиялықтың мансабындағы жалғыз сәтсіздігі дәл Рахмоновпен өткен кездесуде тіркелген.

Гэрри келесі жекпе-жегін UFC 330 турнирінде Ислам Махачевке қарсы өткізеді. Ирландиялық спортшы ресейлік файтерді жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленуді көздейді. Одан кейін ол Рахмоновпен октагонда қайта кездесуге дайын.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie