locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Екі ағылшын клубымен Чемпиондар кубогын жеңіп алған аңыз қақпашы қайтыс болды

Бұрынғы қақпашы Джимми Риммер 78 жасында өмірден озды
ФОТО: «Манчестер Юнайтед»

Ағылшын футболы мен бірнеше алдыңғы қатарлы клубтардың жанкүйерлері Джимми Риммердің қайтыс болуына байланысты терең қайғыға бөленді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Астон Вилла», «Манчестер Юнайтед» және «Арсенал» тарихында өшпес із қалдырған аңыз қақпашы Джимми Риммер 78 жасында өмірден озды. Клубтардың баспасөз қызметтері аты аңызға айналған ардагердің қайтыс болғанын ресми түрде хабарлады.

Риммер еуропалық футбол тарихында ерекше жетістікке қол жеткізді: ол екі түрлі ағылшын клубымен Чемпиондар кубогын жеңіп алған қақпашы ретінде аты қалған. 1968 жылы ол «Манчестер Юнайтед»-пен бұл беделді трофейді дублер қақпашы ретінде көтерсе, 1982 жылы бұл жетістікті «Астон Вилла»-ның негізгі қақпашысы ретінде қайталады.

Риммер сондай-ақ «Арсеналда» үш жарқын маусым өткізіп, 1975 жылы маусымның үздік ойыншысы атанды. Кейін ол «Суонси Сити» сапында қақпашылар бапкері және бас бапкер міндетін атқарған.

Джимми Риммер өзінің мансабында «Астон Вилла» сапында 287 матч, «Арсенал» үшін 146 ойын және «Манчестер Юнайтед» құрамында барлық жарыстарда 46 матч өткізген. Ол сондай-ақ 1976 жылы Англия ұлттық құрамасы сапында дебют жасады.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie