locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Словакия құрамасының бас бапкері Қазақстанмен матч алдындағы ҚПЛ клубымен келіссөздер жүргізілгенін растады

«Ақтөбе» Владимир Вайссқа клубты басқаруды екі рет ұсынған
ФОТО: kazfootball.kz

Словакия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс «Ақтөбе» клубымен келіссөздер жүргізілгенін растады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Инсайдер Эльдар Аманбаевтың хабарлауынша, «қызыл-ақтар» словакиялық маманға клубты басқаруды екі рет ұсынған. 2025 жылы Вайсс-әкесі «Слованмен» келісімшартын соңына дейін орындауды қалағандықтан, ұсыныстан бас тартты. Биыл «Ақтөбе» онымен қайта байланысқа шыққан, алайда ұсыныс бапкер Словакия құрамасын басқаруға келісім бергеннен кейін түскен.

Айта кетейік, Владимир Вайсс 2012 жылдан 2015 жылға дейін ҚПЛ-да жұмыс істеп, «Қайратты» басқарған. Алматы клубымен бірге ол Қазақстан кубогын екі рет жеңіп, Премьер-лиганың күміс жүлдесін иеленді.

Еске салайық, 29 қыркүйектен 30 қыркүйекке қараған түні Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы топтық кезеңінің екінші матчында сырт алаңда Вайсстың Словакиясына қарсы ойнайды.

Кошицедегі «Кошице футбол аренасында» өтетін кездесу Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады. Ойынның тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie