Овчинникова жеңіл атлетикадан Азия ойындарындағы «алтынды» Өзбекстан өкіліне беріп қойды
Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан өкілі әйелдер арасындағы биіктікке секіру сайысында 1,87 метр нәтижемен екінші орынға ие болды.
Ең жоғары дәрежелі жүлдені 1,90 метрге секірген Өзбекстан өкілі Барнохон Сайфуллаева жеңіп алды. Үшінші орынды үндістандық спортшы Пуджа иеленді.
Қазақстанның тағы бір өкілі Надежда Дубовицкая жарыс қорытындысы бойынша бесінші нәтиже көрсетті.
Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Айти мен Нагояда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтуде. Жарысқа 45 елдің спортшылары қатысып, 460 медаль жиынтығын сарапқа салуда. Қазақстан құрамасы спорттың 35 түрінен 558 спортшымен таныстырылған.
Айтпақшы, бұған дейін Азия ойындарында қазақстандық балуандардың кімдермен кездесетіні белгілі болған еді.