ҚПЛ-дан түсіп қалған жағдайда «Қызылжар» басшылығын толықтай ауыстырады
Петропавлдық «Қызылжар» команда Қазақстан Премьер-лигасынан түсіп қалған жағдайда басшылық құрамында елеулі өзгерістер болуы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.
Sports24.kz дереккөзі мәліметінше, соңғы шешім команданың 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалуына байланысты болады. Команда төменгі дивизионға түсіп қалған жағдайда клуб басшылығында ауыс-түйіс болуы мүмкін.
Қазір «Қызылжардың» жағдайы өте күрделі. 27 турдан кейін команда турнир кестесінде 24 ұпаймен 14-орында тұр. Оны төмендеу аймағынан бір ғана ұпай бөліп тұр — төменде «Атырау» (23) мен «Жетісу» (22) орналасқан. Сонымен қатар «Қайсардың» да 24 ұпайы бар және ол 13-сатыда келеді.
Виталий Жуковский шәкірттері соңғы матчын 18 қыркүйекте өткізіп, өз алаңында «Қайсармен» 1:1 есебімен тең түсті. Бұған дейін «Қызылжар» «Жеңістен» (1:3) және «Атыраудан» (0:1) жеңілген еді.
Үзілістен кейін «Қызылжарды» чемпионаттағы үш маңызды матч күтіп тұр: 10 қазанда сырт алаңда «Ертіспен», 24 қазанда өз алаңында «Ұлытаумен» және 31 қазанда қонақта «Каспиймен» ойнайды.
Еске салайық, жазда «Қызылжар» жаттықтырушылар штабында да өзгеріс жасаған болатын. Маусым айының соңында клуб Милич Чурчичпен ынтымақтастықты тоқтатқанын мәлімдеді, ал 4 шілдеде команданы Виталий Жуковский басқарды.