«Қайрат» жұлдызды легионерін қайтара алар еді: бұған Боранбаевтың өзі настоял
2020-2022 жылдары «Қайраттың» қорғаушысы болған Яцек Гуральски Алматыға қайта оралу мүмкіндігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports24.kz.
2022 жылдың жазында алматылық клубтан кеткеннен кейін поляк қорғаушысы «Бохумға» ауысты. Алайда ол жерде ұзақ тұрақтамай, бір жылдан кейін клубтан кетті. Дәл 2023 жылдың жазында Гуральскидің «Қайратқа» қайта оралу мүмкіндігі болды. Бұған клуб иесі Қайрат Боранбаевтың өзі настоял:
«Иә, «Бохуммен» келісімшартты бұзғаннан кейін маған Боранбаевпен үнемі байланыста болған директор қоңырау шалды. Ол кезде клуб президенті тергеу изоляторында отырған. Содан президент қамаудан Яцектің үйіне қайтуы керек екенін жеткізгені туралы жаңалық алдым. Сол кезде бұл адамдардың мені ұмытпағанына деген құрметім ерекше артты. Бәрін келісіп қойған едім, билеттерім де сатып алынған болатын, ұшуға дайындалып жүрдім».
Алайда Қазақстанға оралудың орнына Польша құрамасының қорғаушысы сол кезде елдегі күші бойынша төртінші дивизионда өнер көрсеткен «Вечиста» сапын күшейтуді таңдады. Бұл команда Гуральскидің өзімен бірге қатарынан үш рет жоғары дивизионға көтерілді. Дегенмен қорғаушы Польша футболының элитасында ойнай алмады, биыл жазда мансабын аяқтап, бутсыларын шегеге ілді:
«Бірақ маған Славомир Пешко қоңырау шалып, «Вечиста» үш жылдық келісімшарт ұсынып отырғанын айтты. Мен оған Краковқа тез ұшып барып, бәрін жылдам келісетінімді айттым. Шын мәнінде, бұл қиын сәт болды, өйткені Алматыдағы адамдар маған көмектескісі келді», — деді Гуральски «Cały ten Majdan» подкастында.
«Қайраттағы» екі жарым жыл ішінде Гуральски 37 матч өткізіп, алматылық клубтың 2004 жылдан бергі алғашқы чемпиондық атағына үлес қосты.