locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Сіздер «Барселонадан» да күлкілісіздер»: «Атлетико» Альварес бойынша сұраныстан кейін «Реалға» тиісіп өтті

«Матрасниктердің» SMM-і ешкімді аямайды, тіпті өз көршілерін де
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Сіздер «Барселонадан» да күлкілісіздер»: «Атлетико» Альварес бойынша сұраныстан кейін «Реалға» тиісіп өтті
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Атлетико» өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Реалдың» Хулиан Альвареске қатысты сатып алу сұранысына жасаған мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Матрасниктер» бұл жағдайға өз мәнерінде жауап беріп, «сливочныйларға» біраз күлкілі троллинг арнады:

«Біздің көршілеріміз «Реалдың» ресми мәлімдемесіне қатысты біздің ресми түсініктемеміз:

  1. Видеодағы Папа Римдікпен болған сәттің бір бөлігі кесіліп қалған, ал ол жерде ол да «Атлетикоға» жанкүйер екенін айтқан.
  2. Сіздер сыпайылықты алғыс деп шатастырған шығарсыздар, бірақ күмән болмас үшін: біз сіздерге ешқашан алғыс айтпаймыз.
  3. Біз Альвареске қатысты ешқандай ұсынысты қарастырған да, бағалаған да жоқпыз.
  4. Сіздер бізді «Барселонадан» да қатты күлдіресіздер, қалай тату болмасқа?!

P.S. Сіздердің жаңа президенттеріңізбен жақсы қарым-қатынасты пайдаланып, біздің академиямыздан ойыншыларды «тартып» алуды тоқтатасыздар ма екен? Үлкен рақмет, «Реал», — делінген жарияланымда.

Айта кетейік, жақында «Атлетико» Альварестің ауысуы туралы қауесеттерге байланысты «Барселонаға» да троллинг жасаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie