«Реал» 150 миллион еуролық ұсыныс жасағанын жариялады: бұл қай ойыншы?
«Реал» президенті болып қайта сайланғаннан кейін Флорентино Перес 150 миллион еуроға трансфер жасауға ниетті екенін мәлімдеді. БАҚ бұл ұсыныстың кімге жасалатынын болжаумен әлек болғанда, «Реал» ойыншының есімін ашық айтты.
«Реалдың» баспасөз қызметі ресми мәлімдеме таратты. Бұл – бұған дейін айтылған Майкл Олисе де емес, ПСЖ ойыншылары да емес. Бұл... «Атлетиконың» шабуылшысы Хулиан Альварес. Оған «Барселона» да қатты қызығушылық танытып отыр, ал «матрасниктер» өз жауабын беріп үлгерді:
«Ұсынысты мұқият қарап, бағалағаннан кейін «Атлетико» қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдіріп, клубтар арасындағы жақсы қарым-қатынасты атап өтті және ойыншы келісімшартындағы өтемақы сомасына сілтеме жасап, ұсыныстан бас тартты».
Айта кетейік, Альвареске қызығушылық танытқандықтан «Атлетико» мен «Барселона» арасындағы қарым-қатынас қатты ушығып, Мадрид клубы бұл мәселе бойынша ашық мәлімдеме жасаған болатын.