locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

\"Шымкенттің әкімі осылай гол соға ала ма?\". Тағыбергеннің Кюрасао қақпасына соққан голына жанкүйерлердің реакциясы

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
"Шымкенттің әкімі осылай гол соға ала ма?". Тағыбергеннің Кюрасао қақпасына соққан голына жанкүйерлердің реакциясы
ФОТО: ҚФФ

19 наурызда Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындық аясында Кюрасаоға (2:0) қарсы жолдастық кездесу өткізді.

Шымкенттік “Ордабасы” мен ұлттық құраманың капитаны Асхат Тағыберген 36-минутта айып добын өз стилінде орындап, команданың екінші голын соқты. Капитанның тамаша голы футбол жанкүйерлері арасында нағыз сенсация тудырды. Жақында шымкенттік клубтағы жалақысына байланысты қала әкімі футболшыны сынға алған болатын.

“Шымкенттің әкімі осылай сала ала ма?”

“Әкімге сәлем айт. Әркім өз жұмысымен айналыссын”.

“Енді 19 миллион қалды”.

“Ойнай алмайды деп едің ғой?
Әкім: "Шамамен” дедім ғой.

Сондай-ақ оқыңыз: “Еңсең түспесін”. Қайсар ойыншылары Асхат Тағыбергенге қолдау білдірді

“20 миллионның голы осы”.

“Осылай жамандап қоймаса ойнамайды бұлар...”

Жанкүйерлер Тағыбергенді Уэльс пен Лихтенштейнмен ойын алдында қолдап, Еуро-2024 іріктеу матчында Дания қақпасына соққан голын естеріне алды.

“Бұйырса Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы осы қарқынмен ойнаса.”

“Данияға салған голы бәрібір де тарихта қалатыны сөзсіз”.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie