ORDA Global Fights турнирі Петтиспен болған жанжалдан кейін тоқтатылды
6 маусымда Алматыда өтуі тиіс болған ORDA Global Fights дебюттік турнирі Энтони Петтис пен Адиль Боранбаев арасындағы жекпе-жекке қатысты жанжалдан кейін тоқтатылды. Бұл туралы инсайдерлік Telegram-арнасы «Вестник ММА» хабарлады, деп жазады Sports24.kz.
Бұған дейін Петтис ұйымдастырушылар тарапынан келісімшарттағы міндеттемелер орындалмағандықтан, жекпе-жекке шықпайтынын мәлімдеген болатын. Инсайдерлердің айтуынша, америкалық файтерге уәде етілген гонорар уақтылы төленбеген, осыдан кейін бұрынғы UFC чемпионы елден қайту билетін сатып алып, турнирге қатысудан бас тартқан.

Кештің басты жекпе-жегі — Петтис пен Боранбаев арасындағы айқас ORDA Global Fights дебюттік шоуының басты оқиғасы болуы тиіс еді. Алайда америкалық спортшының мәлімдемесі мен туындаған ұйымдастырушылық даудан кейін, «Вестник ММА» арнасының ақпаратына сәйкес, бүкіл турнир тоқтатылды.
Сонымен қатар, Петтис Instagram-дағы ағылшын тіліндегі жариялауында Қазақстандағы жекпе-жектің болмауынан келген шығынды 800 мың доллар деп бағалады. Ал орыс тіліндегі пікірінде және Threads-та бұл сома көрсетілмеді.

Турнирдің болмауы жаңа промоушен үшін ауыр соққы болды, ұйым бұрынғы UFC жұлдызының қатысуымен қазақстандық жекпе-жек нарығына жарқын шығуды жоспарлаған еді. Қазақстандық жанкүйерлер үшін де бұл жағдай үлкен көңілсіздікке айналды: кеше ғана Петтис пен Боранбаев көз арбасты, ал турнир күні басты жекпе-жек пен бүкіл шоу тағдыры белгісіз болып, ақырында шара мүлде өтпей қалды.