locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қазақстан құрамасының капитаны Ордабасыда қанша жалақы алатыны белгілі болды

Футбол 16 нау 2025 03:30
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қазақстан құрамасының капитаны Ордабасыда қанша жалақы алатыны белгілі болды
ФОТО: Ордабасы ФК

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны және “Ордабасының” көшбасшысы Асхат Тағыберген шымкенттік клубта айына 20 миллион теңге жалақы алады. Бұл туралы Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.

Тәжірибелі жартылай қорғаушы 2023 жылы “Ордабасыға” қосылып, бірден команданың негізгі ойыншысына айналды. Сол жылғы маусымда клубтың тарихи чемпиондық атағын жеңіп алуына үлкен үлес қосты, сондай-ақ Дания қақпасына соққан ғажайып голы үшін ФИФА-ның Ференц Пушкаш атындағы сыйлығына номинацияланған болатын.

2024 жылғы маусымда Тағыберген 24 матч өткізіп, 2 гол соқты және 9 нәтижелі пас берді. Алайда ҚПЛ-2025 жаңа маусымында 2 ойын өткізіп, әзірге нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.

Бұған дейін “Ордабасы” капитанмен қоштасқысы келетіні жайлы ақпарат тараған болатын. Алайда оның жоғары жалақысына байланысты басқа қазақстандық клубтар оған лайықты қаржылық ұсыныс жасай алмады.

Бұған дейін, Шымкент әкімі “Ордабасыға” Клод Макелелені тағайындаудан бас тартқаны хабарланған еді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie