locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

“Еңсең түспесін”. Қайсар ойыншылары Асхат Тағыбергенге қолдау білдірді

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
“Еңсең түспесін”. Қайсар ойыншылары Асхат Тағыбергенге қолдау білдірді
ФОТО: KFF

Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің келісімшартына қатысты дау жаңа сипат алды. Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтың мәлімдемесінен кейін, қызылордалық “Қайсар” клубының ойыншылары жартылай қорғаушыға қолдау көрсету үшін арнайы видео түсірді.

“Қайсар” ойыншылары Тағыбергеннің қазақ футболына қосқан үлесін атап өтті.

“Еңсең түспесін! Сен - өз ісіңнің кәсіби маманысың, және футболды түсінетін барша жанкүйерлер сені қолдайды. Біз сенің осындай деңгейге жету үшін қандай қиын жолдан өткеніңді жақсы білеміз!”

Бұл қолдау Тағыбергеннің тек ұлттық құрамадағы емес, бүкіл қазақстандық футболдағы беделін айқындай түседі.

Бұған дейін “Ордабасыда” жоғары жалақыны тек Асхат қана емес, бірнеше басқа ойыншылар да алғаны белгілі болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie