«Селтик» капитаны «Қайратты» ескертті: Глазгода қателік кешірілмейді
Шотландиялық «Селтиктің» капитаны Каллум Макгрегор Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф раунды аясындағы өз алаңындағы ойынға байланысты пікір білдірді.
Футболшының айтуынша, команда өзін сенімді сезініп отыр және алдағы кездесуге дайын:
«Біз маусымды жақсы бастадық, ойынымыз барған сайын тұрақты бола түсуде. Ең бастысы - алғашқы матчтың Глазгода өтуі, бұл артықшылықты барынша пайдалануымыз керек», - деді Макгрегор.
Ол сондай-ақ команданың басты мақсатын атап өтті:
«Біздің негізгі міндет - топтық кезеңге шығу. Чемпиондар лигасы - әрбір футболшы қатысуды армандайтын, ал біздің клуб қатысуға тиіс турнир. Бірақ ол үшін бұл құқықты иелену қажет, дәл осы кезеңге жеткен өзге командалар секілді. Мұнда әлсіз қарсылас жоқ, сондықтан әрқайсысына құрметпен қарау керек», - деп қосты ол.
Капитан алдағы ойын оңай болмайтынын да атап өтті:
«Бізді қиын сынақ күтіп тұрғанын білеміз. Сәттілікке жету үшін барынша тәртіпті ойнау және әр сәтті дұрыс пайдалану қажет», - деді Макгрегор.
Айта кетейік, алғашқы кездесу Глазгода өтеді. «Селтик» - «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Сондай-ақ «Қайрат» қорғаушысы ойымен бөлісті.