locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Селтик» жанкүйерлері «Қайратпен» матчтан кейін бас бапкердің отставкаға кетуін талап етті. Брендан Роджерсті не күтіп тұр?

Жанкүйерлер «Селтик» бас бапкерін қызметтен кетіруді талап етуде
«Селтик» жанкүйерлері «Қайратпен» матчтан кейін бас бапкердің отставкаға кетуін талап етті. Брендан Роджерсті не күтіп тұр?
ФОТО:Getty Images

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Қайратпен» тең ойнаған Шотландияның «Селтик» клубының жанкүйерлері команда бас бапкері Брендан Роджерстің отставкаға кетуін талап етті. Бас бапкер жанкүйерлердің өзіне бағытталған ұрандарына үнсіз қалған жоқ.

«Мен ешқандай директорлар кеңесін қызметінен кетіргенін көрген жоқпын. Әдетте клубтарда бапкерлерді жұмыстан босатады. Нақтысын айтқанда, әрдайым бапкерді босатады, ал директорлар кеңесін емес. Бірақ біз бүгінгі ойынды талдап, қай жерден жақсарта алатынымызды қарастыруымыз керек. Алаңға шығатын жігіттер, әсіресе шабуылдағылар, барын салып ойнап жүр», – деді Роджерс TNT Sports-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, қарымта матч 26 тамыз күні Алматыда өтеді. «Қайрат» өз алаңында шотландиялық клубты қабылдайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie