locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Глазгодағы сынақ: «Қайрат» қорғаушысы ойымен бөлісті

Қасабулат Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойынға команда толық дайын екенін айтты
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Глазгодағы сынақ: «Қайрат» қорғаушысы ойымен бөлісті
ФОТО: Қайрат ФК

Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Дамир Қасабулат Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі Шотландияның «Селтигіне» қарсы маңызды кездесу алдында пікір білдірді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

«Әрбір матч біз үшін маңызды. Жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз және толық дайынбыз. «Селтик» – зор тәжірибесі бар, жыл сайын дерлік Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін команда. Бірақ біздің мақсатымыз ортақ және біз соған ұмтыламыз. Ал менің алаңдағы позициям бойынша – жаттықтырушылар штабы қай жерге қойса, сол орында ойнаймын. Бұл сенім мен үшін аса маңызды», – деді футболшы.

Алғашқы матч Глазгодағы әйгілі «Селтик Парк» стадионында 20 тамыздан 21 тамызға қараған түні өтеді.

Қайта матч 26 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда болады. Ойын жергілікті уақытпен 21:45-те басталады.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» братиславалық «Слованды» пенальти сериясында жеңіп, келесі кезеңге өткен еді.

Сондай-ақ Роджерс «Қайратпен» айқастан не күтеді екенін айтты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie