Белгілі болды: «Қайраттың» қанша жанкүйері Чемпиондар лигасының ойынына келгені
«Қайрат» жанкүйерлері клубты қолдауға келді
Футбол
Темірбеков Самрат
Журналист
ФОТО:Getty Images
2025/2026 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде өткен «Қайрат» пен Шотландияның «Селтик» арасындағы, тең есеппен (0:0) аяқталған ойынды тамашалау үшін Қазақстаннан жанкүйерлер келді.
Түнде Алматының «Қайраты» мен Шотландияның «Селтигі» арасындағы матч Глазгода (Шотландия) өтті. Ойынға Қазақстаннан шамамен 60 жанкүйер келіп, «Қайратты» қолдады. 60 мың көрерменге арналған «Селтик» аренасында қазақстандық жанкүйерлер де болды.
Еске сала кетейік, жауапты матч 26 тамыз күні Алматыда өтеді. Бұл жолы оңтүстік астананың командасы «Селтикті» өз алаңында қабылдайды.