locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» бас бапкері командадағы негізгі ойыншының жағдайына қатысты пікір білдірді

Рафаэль Уразбахтин Заруцкийге байланысты жағдайға жауап берді
«Қайрат» бас бапкері командадағы негізгі ойыншының жағдайына қатысты пікір білдірді
ФОТО:Getty Images

«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» – «Селтик» матчынан кейін командадағы негізгі қақпашы Александр Заруцкийдің жағдайына қатысты сұраққа жауап берді. Футболшы ойын барысында жарақат алған болатын.

«Бізде қақпашылармен жұмыс істейтін жеке бапкер бар, ол олардың мүмкіндіктерін жақсы біледі. Біздің командада әр ойыншы өз әріптесін алмастыра алады. Темірлан Анарбеков өз міндетін жақсы атқарып шықты.

Ал Александр Заруцкийге қатысты әзірге жаңа ақпарат жоқ. Әрине, қосымша тексеру қажет секілді», – деді бас бапкер.

Еске сала кетейік, матч 0:0 есебімен аяқталды. «Қайрат» сырт алаңда қақпасын аман сақтап қалды, ал 26 тамыз күні өз алаңында шотландиялық клубты қабылдайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie