locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сатпаевтың Чемпионшипте «Бернли» сапында өткізген матчтағы бағасы белгілі болды

Қазақстандық 18 жастағы шабуылшы алаңда 59 минут өткізді
Футбол
ФОТО: x.com/Nino12x
Чемпионшип Англия
24.10.2026, Аяқт.
Линкольн Сити
4
Бернли
1

«Бернли» Дастан Сатпаевпен бірге Чемпионшиптің 12-туры аясында «Линкольннен» (1:4) ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық шабуылшы «Бернлидің» негізгі құрамына енгізілді. 18 жастағы форвард алаңда 59 минут өткізіп, кейін ауыстырылды. Ол нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Livescore статистикалық порталының нұсқасы бойынша, Сатпаевтың бүгінгі ойынына 6,5 деген баға қойылды. Бұл матчқа қатысқан «бордолылар» арасындағы алтыншы үздік көрсеткіш.

Айта кетейік, «Линкольннен» жеңілу «Бернлидің» турнирлік жағдайын одан әрі қиындата түсті. Ники Хайеннің командасы 12 ойыннан кейін 8 ұпай жинап, Чемпионшип турнир кестесінде 22-орында тұр. Қазір команда төмендеу аймағында орналасқан.

Чемпионаттың келесі турында «бордолылар» 31 қазанда «Портсмутты» қабылдайды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie