Рыбакина Нинбодағы финалды асыға күтіп, жазба жариялады
Әлемнің бірінші ракеткасы 25 қазанда титулын қорғауға тырысады
Теннис
ФОТО: Getty Images
Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалын асыға күтіп, жазба жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Нинбо, тағы бір матч ✨Финал ертең», - деп жазды Елена Instagram парақшасында.
Рыбакина жарысқа қазіргі чемпион мәртебесінде қатысып жатыр және енді титулын қорғауға бір жеңіс қалды.
Жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы WTA рейтингінде 13-орында тұрған Ресейдің екінші ракеткасы Диана Шнайдермен кездесті. Рыбакина екі сетте сенімді жеңіске жетті: 6:3, 7:5.
Турнирдегі жеңіс үшін қазақстандық теннисші Канаданың өкілі Лейла Фернандеспен күш сынасады. Финалдық матч жексенбі, 25 қазанда өтеді.